G-Had feat Big Joe – Құлақ салып тыңда               

Big Joe aka Рифмоман

Күннің жарығындай жанып,
Тобымыз көзге түседі.
Вольные МС тобын кобісі біледі.
Орасан жоспары бар азірлікті көрсетеміз,
Күшіміздің көбейгенін әрине сеземіз.
Кімнің кім екенін білеміз, тағдырдан жеңіс тілейміз,
Тек алға басамыз, бәсекешке жеңілдік бермейміз,
Ал енді не дейміз, қарсы болсаң жолымнан жоғал,
Бірге болсаң кезекті альбомды қарсы ал.
Дұшпандарды талқандаймыз, ішкі сезім тоқтамайды.
Ауладағы жігіттер сөзімді қолдайды.
Рэп мамандары айтыскер сахына егесі,
Көздеріңнің алдында үш жылдықтың нәтижесі.
Үлкен Джо деп бастаған, Рифмоман деп аталған,
Екінші альбомды жаздым, бірақ атым шықпаған.
Көңіліңе жақпаған, сынның астында қалған.
Дауысымды таныдыңба, онда үмітің қалған.
Жаңа дәуір келді, жаңа кез, жаңа ғасыр.
Әр бір қимылым менің тексерілген тәсіл.
Ниетіме жетем, мадақтауды естісем,
Бірнеше адамның таспам қолынан өткен.

Қайырмасы:

Үйіңде күйіңде далаңда аулаңда
Еркін МСлер шумағын құлақ салып тыңда
Микрофон қолымда тіліміз өткір қылыш
Менің жанымда болғаның сен үшін дұрыс

Аль Nasr aka MC Naz-R

Жаным сөйлеуге құмартуда, созім мірдің оғында,
Ауыздан жалын атып, айтысу да қанымда.
Бір сахынада жиналып, кезек келді енді бізгеде,
Ана тілді  жеккоріп, мәңгүрттікке бекінбей.
Ерінбеймын айтып келем өкінбей,
Сөйлей-сөйлей, қарсыларға сөзімді, аяқтыға жол бермей.
Өмірді сүріп келеміз тағдырдың жазғанымен еріксіз.
Есігін бұл дүниенің ашып берді,
Өзі қайда екені белгісіз.
Онсыз қалай МС болды атауым,
Жүздесерміз айтыста шамаң жетсе бауырым.
Адам болдым, жаратылдым,
Кемшіліксіз сойлей, көре білемін, иесімін екі қолдың
Фристайлцкер бір ауыз сөзбен тербетер,
Биг Джо менен Джи Хад ақыры түбіңе жетер.
Қазақ рэпін көтеруде бар күштерін аямай,
Жиналды бүгін шеберлер,
Бел түзеді қорғандай, ештеңені ойланбай,
Асып саспайды, шын сөздерін айқайлайды.
Жігіттер бұл айтыспен тоқтамайды.

Қайырмасы.

Big Joe aka Рифмоман

Ниетіме жетемін қиыншылықтан тоқтамаймын,
Ақтаудың рэпперлеріне құрметімді жолдаймын.
Сөзді жерге тастамаймын рэп айтуда санаспа,
Өйткені арқада қаласың менің дәрежем басқа.
Шығыстан Батысқа, әлі жетер дауысым,
Сөздер бекер айтылмайды ашып ауыз қуысын,
Бауыр басқан туысым, әр қашанда қасымда.
Сырым Датов ардақтым, бауырлық бар қанымда.
Алдыңда сахынада еркін МС өкілдері,
Рэп ойынның шабуылшысы, құрметті айтыскері,
Әйгілі рэп шебері, ауызыңды көпіртпе,
Соқтығуыңды жасап, әуре болып жүрме.
Күшіміз бірлікте, ақиқат шындықта,
Соғыс жолына шықтық, Джи хад тобы қасымба.
Биіктегі дәрежеге қазақ рэп аяқ басқан,
Рэптің бірінші қадамы оңтүстікте басылған,
Соны біліп қой братан, әр кімнің ойы басқа,
Жоғары сапалы рэпке көтерілем бір ғарысқа,
Қайтыспаймын шайқаста, Рифмоманның оқиғасы,
Қамыстан өлгенімнен, намыстан өлгенім жақсы.

Қайырмасы.

Masta Yella aka MC SaRЫ

Ендігі кезек менде алдыңда сол баяғы Маста,
Қарсы алыңдар үш бауырды, орысша айтқанда братство.
Yella менің атым, Джи Хад отбасында мен баспын,
МС Назр жүрегі, Биг Джо бізге қосылды көз боп,
Енді ешкіге дес бермейміз, оны айта берсең сөз көп.
Хип Хоп жолында келеміз, нақты басып әр қадамды,
Шайқас керек болса саған шайқас болады өте қанды,
Үш ақынның жорығында жаратушы Аллах қолдады.
Аспанда шалқимыз қырандай, біздің уақыт алыс емес.
Бостан босқа қақпай таңдай, сөзім мақтаныш емес.
Елес болып көрініп еді осы кездер,
Қасымдағы серік болған жігіттер мені түсінер.
Жан жағыма қарасам, тек өсек ылғи ұрыс.
Біздің таңдаған жол басқа, бұл өзге құбылыс.
Жүз пайызға сенемін, біздің жүрген бағыт дұрыс.
Жақын ақындарға Джи Хадтан сәлем.
Әлі талай бірге істерміз, әлі жазамыз өлең.
Міне менің де уақытым бітті,
Осы айтайын деген ойым.
Коңілдегінің бәрін айтып рухани бір тойдым.
Үш айтыскер сайысында ,соңғы болып нүкте қойдым.